date

GeForce RTX 5090-ға қатысты мәселелер жалғасуда

GeForce RTX 5090-ға қатысты мәселелер жалғасуда

GeForce RTX 5090 видеокарталарындағы қуат қосқышына қатысты мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Германияның PCMasters.de басылымы өздерінің тест стендінде қолданылған MSI GeForce RTX 5090 Gaming Trio OC видеокартасында 12V-2x6 кабелінің еріп кеткенін хабарлады. Бұл туралы ақпарат береді Ixbt.com.

Оқиға NVMe SSD жадын тексеру барысында жүйе қайта жүктеліп жатқан кезде болды. Редакция өкілдері компьютерден түтін шыққанын байқаған, кейінгі тексеру кезінде 12V-2x6 кабелінің видеокартаға жабысып қалғаны және оның оқшаулағышы еріп кеткені анықталды.

Бір қызығы, видеокарта зақымданғанына қарамастан, Windows жүйесінде жұмыс істей берген. Алайда, FurMark және тепловизор көмегімен өткізілген сынақтар сыртқы контактінің қатты қызып кеткенін көрсетті. NZXT C1500 қуат блогындағы кабель де қатты зақымданған.

Қазіргі уақытта PCMasters.de басылымы осы ақау бойынша MSI компаниясына хабарласып, видеокартаны жөндеуді немесе ауыстыруды талап етуде. Бұл жағдай жоғары өнімді видеокарталардағы қуат қосқыштарының қауіпсіздігіне қатысты пайдаланушылар арасында алаңдаушылық тудыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » GeForce RTX 5090-ға қатысты мәселелер жалғасуда