date

Ташкент әуежайының ескі жүк терминалы аукционға шығарылды

Ташкент әуежайының ескі жүк терминалы аукционға қойылды
Ташкент халықаралық әуежайының ескі жүк терминалы жалға беру үшін аукционға қойылды. Бұл туралы "Uzbekistan Airports" баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, E-auksion.uz онлайн платформасында Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайының ескі жүк кешені саудаға шығарылды. Ғимараттың жалпы ауданы 6 882 шаршы метрді құрайды.

Жылдық жалға алу үшін бастапқы баға 16,9 миллиард сум деп белгіленген, бұл сомаға қосымша құн салығы қосылмаған. Аталған ғимарат және нысандар жүк авиациясы тасымалдаушысы үшін жалға берілуі жоспарланған, мұнда жүктерді уақытша сақтау және қайта өңдеу жұмыстарын тиімді жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Аукцион қатысушылары үшін жалға алу талаптарына сай болуға қатысты арнайы ережелер белгіленген. Сауда-саттық 2025 жылғы 24 қарашада өтуі жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкент әуежайының ескі жүк терминалы аукционға шығарылды