date

Жерлеу рәсімдерін цифрландыратын жаңа жүйе енгізіледі

Жерлеу рәсімдерін цифрландыратын жаңа жүйе енгізіледі

Өзбекстан үкіметі жерлеу рәсімдерін түбегейлі жаңартуға және салада ашық бақылау орнатуға бағытталған маңызды шешім қабылдады. "Жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру және есепке алу жүйесін жетілдіру және салада тиімді бақылау механизмдерін енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, елімізде жерлеу жұмыстары кезең-кезеңімен цифрландырылады.

Жаңа электронды қызметтер енгізіледі

Қаулы негізінде қайтыс болған адамды жерлеуге рұқсат беру, тіркеу және осы үдерістерді бақылау электронды ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл өзгерістер арқылы құжаттау үдерістері жеделдейді, адами фактор азаяды және деректер бірыңғай базаға жинақталады.

2026 жылғы 1 июньге дейін "АХАТ бірыңғай электронды мұрағаты" жүйесінде арнайы модуль - "Жерлеу істерін тіркеудің бірыңғай электронды кітабы" және оның мобильді қосымшасы әзірленеді. Бұл модуль арқылы зираттарға, рұқсатнамаларға және жерлеуге қатысты барлық мәліметтер электронды түрде жүргізіледі.

QR-кодты анықтама автоматты түрде жіберіледі

2026 жылдың 1 мартынан бастап, қайтыс болған адамның өлімі тіркелген бойда оның жақын туыстарына - еріне (әйеліне), ата-анасына немесе балаларына My.gov.uz жеке кабинеттері арқылы автоматты түрде QR-кодты анықтама жіберіледі.

Бұл құжат ресми елтаңбалы куәлікке теңестіріледі және қосымша қағазбастылықты мүлдем азайтады.

Тәжірибелік тәртіп Ташкентте енгізіледі

2026 жылдың 1 июлінен 31 декабріне дейін астана Ташкентте пилоттық жоба ретінде жерлеу жұмыстарын электронды түрде жүргізудің жаңа тәртібі жолға қойылады. Ол бойынша:

- зират меңгерушісі жерлеуге рұқсатты тек арнайы электронды модуль немесе мобильді қосымша арқылы береді;

- жерлеу ісін қағаз түрінде тіркеу тәжірибесі толығымен жойылады.

Өзгерістерден күтілетін нәтиже

Үкімет қаулысы саладағы тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға және жерлеу қызметтерін ашық етуге бағытталған. Электронды жүйенің енгізілуі тұрғындарға қолайлылық туғызып, қажетті мәліметтерді жылдам алу және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мүмкіндігін арттырады.

Жаңа тәртіп тәжірибеге толық енгізілгеннен кейін, бүкіл ел бойынша жерлеу қызметі саласында бірыңғай стандарт пен заманалық бақылау жүйесі қалыптасады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Жерлеу рәсімдерін цифрландыратын жаңа жүйе енгізіледі