Индонезия президенті Прабово Субианто Украинаға бейбітшілік миссияларын орындау үшін контингент жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vzglyad порталы хабар етті.
Президенттің айтуынша, Украинаға 20 мың немесе одан көп әскери жіберу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ол бұл бастаманың Ресейге қарсы бағытталмағанын, негізгі мақсаттың бейбіт жолмен келісімге қол жеткізу екенін баса көрсетті.
Прабово Субианто сонымен қатар, Индонезия өз әскерлерін түрлі қақтығыстар болып жатқан аймақтарға, соның ішінде Ғаза мен басқа да өңірлерге жіберуге дайын екенін айтты.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Тақырыпқа қатысты жаңалықтар