date

Портленд басшылығы Трамптың әрекеттерін Конституцияға қайшы деп санады

Портленд басшылығы Трамптың әрекеттерін Конституцияға қайшы деп санады

Орегон штаты мен оның ең ірі қаласы Портленд АҚШ үкіметіне қарсы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

28 қыркүйек, жексенбі күні берілген арызда президент Дональд Трамптың наразылық акцияларына жауап ретінде Орегон Ұлттық гвардиясының сарбаздарын федералдық қызметке шақыру арқылы өкілеттігін асыра пайдаланғаны айтылған.

Адвокаттардың айтуынша, мұндай шешім АҚШ Конституциясының қағидаттарына қайшы келеді және тәртіпсіздіктерді тұрақтандырудың орнына қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. «Жауапкерлердің арандатушылық әрі өз бетімен жасалған әрекеттері қауіпсіздікті әлсіретіп қана қоймай, қоғам наразылығын күшейту қаупін тудырады», — делінген құжатта.

Шағымда президент Трамп, Қорғаныс министрі Питер Хегсет, Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм және тиісті федералдық мекемелер жауапкер ретінде көрсетілген.

Сол күні Қорғаныс министрі Хегсет Орегон Ұлттық гвардиясының 200 сарбазын «шұғыл түрде 60 күнге федералдық қызметке шақыру» туралы меморандум жариялады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Портленд басшылығы Трамптың әрекеттерін Конституцияға қайшы деп санады