date

Ауғанстанда ИШИМ әрекеті толығымен тоқтатылғаны хабарланды

Ауғанстанда ИШИМ әрекеті толығымен тоқтатылғаны хабарланды

"Талибан" уақытша үкіметінің ресми өкілі Абдул Матин Кани Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ел аумағында ИШИМ тобына қатысты барлық бұзақылық әрекеттер толығымен жойылды.

Абдул Матин Қанидің айтуынша, қауіпсіздік және арнайы қызмет органдары шекара аумақтарын қатаң бақылауда ұстап отыр. Сондықтан бұл мәселеде артық алаңдаушылық жоқ екені айтылды.

"Талибан" өкілінің айтуынша, бүгінде Ауғанстанда қауіпсіздік жүйесін нығайту жұмыстары жалғасуда және ел халқының бейбіт өмір сүруі үшін қажетті шаралар қабылдануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ауғанстанда ИШИМ әрекеті толығымен тоқтатылғаны хабарланды