date

Трамп-Нетаньяху кездесуі туралы мәліметтер

Трамп-Нетаньяху кездесуі туралы мәліметтер

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арасындағы Вашингтондағы кездесудің егжей-тегжейін жариялады. Бұл туралы Ақ үй өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Баяндамада айтылғандай, Нетаньяху Қатар премьер-министрі Мұхаммад Абдель Рахман Әл-Танимен телефон арқылы Дохада ұйымдастырылған зымыран шабуаты үшін Қатардан кешірім сұраған. Сондай-ақ, ол Израиль ХАМАС басшылығын нысанаға алғанын және Қатардың егемендігін бұзғанына өкініш білдіріп, осындай шабуылдардың қайталанбайтынына уәде берген.

Қатар премьер-министрі осы кепілдіктерді қолдап, Дохада аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа үлес қосуға дайын екенін білдірді.

Трамп өз кезегінде, көп жылдық келіспеушіліктер мен түсінбеушіліктерден кейін Израиль мен Қатар қатынастарын жақсартқысы келетінін айтты. Ақ үйдің хабарламасында Нетаньяху мен Әл-Тани Трамптың коммуникацияны күшейту, келіспеушіліктерді жою және қауіп-қатерлердің алдын алу үшін үшжақты механизм құру ұсынысын қабылдағаны атап өтілді.

Сонымен қатар, кездесуде АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату және Таяу Шығыста қауіпсіздікті жақсарту жоспары да талқыланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп-Нетаньяху кездесуі туралы мәліметтер