date

Трамптың Газа жоспары

Трамптың Газа жоспары
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу барысында Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын жоспарды ұсынды.

Жоспарда қақтығыстарды тоқтату, Израиль әскерін ішінара шығару және тұтқындар мен кепілдегілерді алмастыру қарастырылған.

ХАМАС өкілдері шарттар Палестина мүдделерін қорғамайды деп айтуда. Нетаньяху жоспарды қолдады, бірақ оның саяси бірлестігінде қарсы пікірлер бар.

Еуропа мен араб мемлекеттері бұл бастаманы маңызды деп бағалауда. Алайда тараптардың саяси келіспеушіліктері жоспарды жүзеге асыруды қиындатуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамптың Газа жоспары