date

Мысырлық балуан 700 тонналық кемені тістерімен сүйреп келеді

Мысырлық балуан 700 тонналық кемені тістерімен сүйреп келеді

44 жастағы мысырлық күресші Ашраф Махруз жұрт сенбейтін іске барды. Ол 700 тонналық алып кемені тістерімен 15 метрге дейін сүйреді. Бұл туралы NBC News хабарлады.

Махруз өз нәтижесін ресми түрде тіркеу үшін Гиннесс рекордтар кітабына өтініш беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге ең жоғары көрсеткіш ретінде 614 тонналық кеме тіркелген. Спортшы жаңа рекордты дәлелдеу үшін фотосуреттер мен бейнелерді ұсынбақ.

Дайындық барысында ол ақуыз бен темірге бай тағамдармен тамақтанды. Күн сайын кем дегенде 12 жұмыртқа, екі бүтін тауық және шамамен 5 кг балық жеген. Жаттығуларды күніне үш рет, әрқайсысы екі сағаттан орындады.

Бұл Махруздың алғашқы әйгілі нәтижесі емес. Ол бұрын да машиналарды, пойыздар мен локомотивтерді орнынан қозғалтқан. Осы жылдың наурыз айында ол 279 тонналық теміржол вагонын жылжытып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мысырлық балуан 700 тонналық кемені тістерімен сүйреп келеді