date

АҚШ: Сирия үкіметін ауыстыру жоспары жоқ

АҚШ: Сирия үкіметін ауыстыру жоспары жоқ

Америка Құрама Штаттары Сириядағы қазіргі үкіметті өзгертуді көздемейді. Бұл туралы АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі әрі Анкарадағы елшісі Том Барак мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон Сирияға әскер жіберуді де жоспарлап отырған жоқ. Басты мақсат — терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу.

Барак сондай-ақ қазіргі президент Ахмад әл-Шаараның саяси болашағына сенім білдіріп, былай деді:
«Мен оған сенемін. Оның мақсаттары біздің басымдықтарымызбен үндес — Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Алайда түрлі этникалық және саяси мүдделер бұл үдерісті табиғи түрде қиындатады».

Осылайша, АҚШ-тың Сирияға қатысты ұстанымы тағы бір мәрте атап өтілді: үкіметті ауыстыру емес, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ: Сирия үкіметін ауыстыру жоспары жоқ