date

Қытайлық әйел 6,7 миллиард долларлық биткоин ұрлағаны әшкере болды

Қытайлық әйел 6,7 миллиард долларлық биткоин ұрлағаны әшкере болды

Лондондағы сот 47 жастағы Қытай азаматы Чжимин Сянды 6,7 миллиард долларлық биткоиндерді иемденіп, олар арқылы Ұлыбританияда қымбат жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы қаражатты ұрлауға тырысқан деп тапты. Бұл туралы Скотланд-Ярд баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, тергеу барысында әйелден 61 мыңнан астам биткоин тәркіленген. Бұл тарихтағы ең ірі криптовалюта тәркілеуі ретінде тіркелуде.

Тексерушілер анықтағандай, 2014-2017 жылдар аралығында Сян 128 мыңнан астам Қытай азаматын, соның ішінде кәсіпкерлерді, зейнеткерлерді, банк қызметкерлерін және сот жүйесінің қызметкерлерін түрлі жолдармен алдаған. Ол қолға түскен қыруар қаржыны биткоинге айналдырып, жалған құжаттар арқылы Ұлыбританияға қоныс аударған. Мұнда ол қымбат үйлерді сатып алып, қаражатты заңды түрде шығаруды жоспарлаған.

The Sun газетінің хабарлауынша, полиция Сянның жеке күнделігін де тапқан. Онда әйел өзін Далай Ламамен майланған "қайта туған құдай" ретінде көргені, тіпті "Либерленд" деп аталатын өзіндік патшалық құрып, онда ханшайым ретінде билік етуді армандағаны жазылған.

Қазіргі уақытта қылмыскер әйел қамауға алынып, кінәсін мойындап, сот үкімін күтуде. Бұл іс қаржылық алаяқтық қана емес, криптовалюта арқылы жасалатын қылмыстардың қаншалықты ауқымды болуы мүмкін екенін тағы бір рет көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытайлық әйел 6,7 миллиард долларлық биткоин ұрлағаны әшкере болды