date

Жапония тарихында премьерлікке алғашқы әйел кандидат

Жапония тарихында премьерлікке алғашқы әйел кандидат
Жапонияда биліктегі Либерал-демократиялық партия жаңа басшысын сайлады. Бұл қызметке 64 жастағы Санаэ Такаичи сайланып, елдің премьер-министрі болуы мүмкін алғашқы әйел ретінде тарихқа енуі күтілуде.

Такаичи көп жылдан бері саясатпен айналысып келеді. Ол түрлі министрліктерде жұмыс істеген және қоғамда танымал тұлға ретінде белгілі.

Жаңа басшыны экономикалық қиындықтар, бағаның өсуі және халықтың өмір сүру деңгейіне қатысты мәселелер күтіп тұр. Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру да оның міндеті болады.

Сарапшылардың айтуынша, Такаичи партияның кейбір жақтастарын қайтара алады, алайда кең халықтық қолдауға ие болуы қиын болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Жапония тарихында премьерлікке алғашқы әйел кандидат