date

Сауалнама нәтижелері: Ресейде президент пен үкіметке сенім деңгейі жарияланды

Сауалнама нәтижелері: Ресейде президент пен үкіметке сенім деңгейі жарияланды

Соңғы сауалнама нәтижелері бойынша он ресейліктің сегізі, яғни 79,1% Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге сенім артады. Сонымен қатар, респонденттердің 75,4%-ы мемлекет басшысының қызметін құптайды. Бұл туралы РИА НОВОСТИ хабарлады.

Сауалнама нәтижелері бойынша ресейліктердің тек 16%-ы Путинге сенбейтінін, ал 14,6%-ы оның қызметіне теріс баға бергенін анықтады. Бұл көрсеткіштер Президенттің елдегі беделінің салыстырмалы түрде жоғары екенін көрсетеді.

Ресей үкіметінің қызметіне сенім деңгейі 47,9%-ды құрады, ал 20%-ы үкіметтің жұмысын мақұлдамады. Сонымен қатар, респонденттердің 60,1%-ы Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустинге сенетінін, ал 19,7%-ы оған сенбейтінін білдірді. Бұл нәтижелер Ресейдегі саяси көшбасшыларға деген әлеуметтік бағаны көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Сауалнама нәтижелері: Ресейде президент пен үкіметке сенім деңгейі жарияланды