date

Трамп шатдаун аясында жаппай жұмыстан шығару басталғанын жариялады

Трамп шатдаун аясында жаппай жұмыстан шығару басталғанын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп федералды үкіметтің қызметі уақытша тоқтатылғанын - шатдаун аясында кадрларды қысқарту басталғанын мәлімдеді. Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында ол "соңғы жұмыстан босату процесі әлдеқашан басталып кеткенін" айтып, бұл жағдайға демократтарды кінәлады.

Президенттің айтуынша, Конгрестегі ымырасыздық көптеген жұмыс орындарының жоғалуына жол ашты. Сонымен қатар, Трамп қысқартылатын лауазымдар мен нақты процедуралар туралы қосымша мәліметтерді жария етпей, тақырыптан ауытқыды.

Шатдаунның кесірінен шамамен 750 мыңға жуық федералдық қызметкер мәжбүрлі ақы төленбейтін демалысқа жіберілді. Дегенмен, әуе қозғалысын басқару, полиция, шекара күзеті, жедел жәрдем сияқты қажетті инфрақұрылымдар "ерекше" режимде жұмысын жалғастыруда. Трамп бұған дейін де үкіметтің қызметі қалпына келтірілмесе, жаппай қысқартулар жүргізілетінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 1 октябрьден бастап бюджет бойынша уақытша келісімнің жүзеге аспауына байланысты үкіметтің бірқатар кеңселерінің қызметі ресми түрде тоқтатылды. Содан бері Конгрестегі келіссөздер іс жүзінде тоқтап қалды: республикашылдар мен демократтар арасында аз қамтылғандарға арналған Obamacare медициналық сақтандыруына мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісім әлі табылған жоқ.

Нәтижесінде Вашингтонда саяси текетірес жалғасып жатқанда, федералдық қызметкерлер үшін белгісіздік сақталуда. Мәселе бойынша келісім табылмаса, жұмыстан босату тізімі кеңейіп кетуі де мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп шатдаун аясында жаппай жұмыстан шығару басталғанын жариялады