date

Әлемде ең аз және ең көп туу қай жерде?

Әлемде ең аз және ең көп туу қай жерде?

Әлемде халық санының өсу қарқыны әртүрлі - кейбір елдерде бала саны күрт төмендесе, басқаларында керісінше, туу жоғары деңгейде сақталуда.

Ашық дереккөздерге сәйкес, 2024 жылдың соңында туу көрсеткіші ең төмен ел - Мальта. Мұнда бір әйел өмір бойы орта есеппен 1,06 баланы дүниеге әкелді. Сондай-ақ туу көрсеткіші төмен елдердің қатарында Тайвань (1,11), Оңтүстік Корея (1,12), Испания (1,12), Сингапур (1,17), Литва (1,18), Польша (1,20), Италия (1,21), Украина (1,22) және Гонконг (1,24) бар.

Екінші жағынан, туу деңгейі ең жоғары елдер де бар. Тізімнің жоғарғы жағында Нигер (6,64) тұр. Сонымен қатар, Ангола (5,7), Конго (5,49), Мали (5,35), Бенин (5,34), Чад (5,24), Уганда (5,17), Сомали (5,12), Оңтүстік Судан (5,09) және Бурунди (4,9) сияқты елдерде де туу көрсеткіштері өте жоғары.

Әлем бойынша жалпы орташа көрсеткіш 2,33 баланы құрады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Әлемде ең аз және ең көп туу қай жерде?