Франция астанасында жарылыс: көлік толығымен жанып кетті

Франция астанасында жарылыс: көлік толығымен жанып кетті

Париждің орталығында орналасқан Франция премьер-министрінің резиденциясы маңында көлік жарылды, деп хабарлады Parisien басылымы. Мәліметтерге қарағанда, жарылыстан кейін көлік толығымен жанып кеткен.

Оқиға кезінде ғимаратта премьер-министр қызметінен жуырда ғана кеткен Себастьен Лекорню өзінің саяси әріптестерімен кездесу өткізіп жатқан. Жарылыс салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат берілмеген.

Еске сала кетейік, кеше, 6 октябрьде Лекорню Франция президенті Эммануэль Макронға отставкаға кету туралы өтініш берген болатын. Қазір жарылыстың себептеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар