date

Газада бітім бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді

Газада бітім бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату жөніндегі алғашқы кезең бойынша келісімге келгенін хабарлады. Келіссөздер Мысырда өтті, тараптар Трамптың 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарындағы алғашқы бөлімді мақұлдады.

Жоспарға сәйкес, Израиль армиясы Газаның шамамен жартысына жуық аумағынан шегінеді. Хамас 20 тұтқынды босатады, ал Израиль 250 палестиналық тұтқынды босатады. Сондай-ақ Газаға гуманитарлық көмек жүк көліктері арқылы жеткізіледі.

Келесі кезеңде Газа қарусыздандырылып, уақытша палестиналық мамандар басқарады. Бұл процесті Дональд Трамп басқаратын кеңес бақылауда ұстайды.

Алайда кейбір мәселелер бойынша тараптар арасында келіспеушіліктер сақталуда. Хамас қаруды тапсыруға келіспейді, ал Израиль Палестина әкімшілігінің қатысуын қаламайды. Соған қарамастан, бұл келісім бейбітшілікке қарай маңызды қадам ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Газада бітім бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді