date

Сингапурда 52 грамм героин үшін асылып өлтірілді

Сингапурда 52 грамм героин үшін асылып өлтірілді

Сингапур үкіметі осы аптада тағы бір рет өлім жазасын орындады. Бұл жолы 38 жастағы Паннир Селвам Прантаман — малайзиялық дін қызметкерінің ұлы — 52 грамм героин сақтағаны үшін асылып өлтірілді.

Паннир 2014 жылы, оның жанынан есірткі заттар табылған кезде ұсталған еді. Сот процесі бірнеше жылға созылды. Оның туыстары мен адвокаттары өлім жазасын жою үшін бірнеше рет шағым түсіріп, президенттен кешірім сұрады, алайда барлық әрекеттер нәтижесіз аяқталды.

Сингапур заңдары өте қатаң:

- 15 грамнан артық героин немесе

- 500 грамнан көп каннабис

пен ұсталған әрбір адамға міндетті түрде өлім жазасы тағайындалады.

Паннир сотта өзін ақтап, есірткі тасып жүргенін білмегенін айтты. Ол үкімін күтіп отырған камерада өлеңдер мен әндер жазған. Достары оны сабырлы, мейірімді және діндар адам ретінде сипаттаған.

«52 грамм үшін адамның өмірін алу — мұндай жаза ақылға қонымсыз», — деді Сингапурдағы өлім жазасына қарсы белсенді.

Халықаралық сындарға қарамастан, Сингапур өз қатаң ұстанымынан тайған жоқ. Ресми тұлғалардың пікірінше, елді есірткі саудасынан тек осындай қатаң шаралар арқылы ғана қорғауға болады.

Алайда Amnesty International және басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдары бұл әрекетті «мемлекет тарапынан жасалып жатқан қатыгездік» деп бағалайды. Олардың айтуынша, өлім жазасының есірткі саудасын азайтуда нақты әсері бар екендігі дәлелденбеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Сингапурда 52 грамм героин үшін асылып өлтірілді