date

АҚШ-та қорғаныс зауытында жарылыс: құрбандар бар (видео)

АҚШ-та қорғаныс зауытында жарылыс: құрбандар бар (видео)

АҚШ-тың Теннесси штатында орналасқан Accurate Energetic Systems қорғаныс компаниясына тиесілі зауытта күшті жарылыс болды. Бұл туралы BBC басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, нақты саны әзірге анықталып жатыр.

Оқиғаны Хикман округінің шерифі растаған. Айтуынша, жарылғыш заттарды өндіретін бұл кәсіпорын Бакснорт аумағында орналасқан.

Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, жарылыс салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та қорғаныс зауытында жарылыс: құрбандар бар (видео)