date

Филиппинде болған екі жер сілкінісі 7 адамның өмірін қиды

Филиппинде болған екі жер сілкінісі 7 адамның өмірін қиды

10 қазан күні Филиппинде болған 7,4 және 6,7 магнитудалы екі күшті жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты.

Бұл туралы Филиппиннің Табиғи апаттардың қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңесі (NDRRMC) хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, 8436 адам апаттан зардап шеккен, олардың 1265-і қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланған, ал тағы 7915 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Азаматтық қорғаныс агенттігі мәлімдемесінде жер сілкінісінің салдарынан 7 адам қаза тапқаны, тағы 11 адамның әртүрлі деңгейде жарақат алғаны айтылды.

Күшті дүмпулер Минданао аралының оңтүстік жағалау аймақтарында тіркелген.

Еске сала кетсек, 30 қыркүйек күні елдің Паломпон батыс жағалауында 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болған, сол апатта 70-тен астам адам қаза тапқан еді.

Филиппин — әлемдегі ең сейсмикалық белсенді елдердің бірі. Ел Тынық мұхитының “От белдеуі” аймағында орналасқан, ол жоғары вулкандық және жер сілкінісі белсенділігімен танымал.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Филиппинде болған екі жер сілкінісі 7 адамның өмірін қиды