date

Пәкістан Ауғанстанды ескертті: “Отпен ойнамаңдар!”

Пәкістан Ауғанстанды ескертті: “Отпен ойнамаңдар!”

Пәкістанның ішкі істер министрі Мұхсин Нақви Ауғанстан аумағынан елдің бейбіт тұрғындарына қарсы жасалған қарулы шабуылдарды қатаң айыптады. Оның айтуынша, «Талибан» күштерінің Пәкістан жеріне оқ атуы — халықаралық құқық нормаларының ашық бұзылуы болып табылады.

«Бұл әрекеттер халықаралық нормаларға қайшы. Ауғанстан отпен ойнап отыр. Егер жағдай жалғаса берсе, біз бұл басқыншылыққа лайықты жауап береміз», — деді Нақви.

Министрдің айтуынша, Пәкістан ешқашан арандатушылыққа берілмейді, бірақ кез келген қауіпке қарсы қатаң шаралар қолдануға дайын. Ол Ауғанстан басшылығын көрші елдер арасындағы қатынастарды бұзбауға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

«Үндістан жағдайындағыдай, егер қысым жалғасса, Ауғанстан да лайықты жауап алады», — деп қосты министр.

Соңғы апталарда Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында жағдайдың шиеленісе түскені байқалады. Екі ел арасында шекара қауіпсіздігі, мигранттар ағыны және қарулы қақтығыстар мәселелері бойынша дау күшейіп келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Пәкістан Ауғанстанды ескертті: “Отпен ойнамаңдар!”