АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қуық асты безі қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін емделудің жаңа кезеңіне өтті. NBC News хабарлауынша, 82 жастағы Байден қазіргі уақытта сәулелік және гормондық терапия курсынан өтуде.
Бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы мәлім еткендей, бұл емдеу процесі Байденге арнап арнайы жасалған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылуда. Дереккөздердің айтуынша, сәулелік терапия шамамен бес аптаға созылады және бұл Байденнің дертке қарсы күресіндегі жаңа әрі маңызды кезең болып табылады.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың мамыр айында Байденнің өкілдері оның сүйек метастаздары бар қуық асты безі қатерлі ісігіне шалдыққанын хабарлаған еді.
«Бұл обыр түрі салыстырмалы түрде агрессивті болғанымен, гормондарға сезімтал болып шықты. Бұл ауруға қарсы тиімді емдеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді», — делінген Байденнің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Мамандардың айтуынша, бұл емдеу процесі ісікті бақылауда ұстау және оның таралуын тоқтатуда маңызды рөл атқарады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!