Жерде бұрын мамандар болжаған әлсіз магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Қолданбалы геофизика институты хабарлады.
Жердің магнит өрісіндегі бұзылу дәрежесі бес балдық шкала бойынша G1 деңгейінде тіркелгені айтылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл шкалада G5 - өте күшті, G1 - жеңіл (әлсіз) дауылды білдіреді.
Бұған дейін Ресей Ғылым академиясы жанындағы Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесіне қарасты Күн-Жер физикасы институтының мамандары 12 октябрьде Күндегі тәж тесігі Жерге әсер ете бастауы мүмкін екенін хабарлаған еді. Ғалымдардың айтуынша, дәл осы жағдай магниттік белсенділіктің артуына әкелуі мүмкін.
Қазіргі уақытта мамандар Жердің айналасындағы магниттік ортаны бақылауды жалғастыруда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар