Соңғы күндері Мексикада жауған қатты жаңбырлар тасқын мен көшкінге себеп болды. Ресми деректер бойынша кемінде 64 адам қаза тауып, тағы 65 адам із-түзсіз жоғалған.
Тропикалық «Раймонд» дауылы салдарынан өзендер тасыған, жолдар мен үйлерге зақым келген. Президент Клаудия Шейнбаум мұндай күшті жауын-шашын күтпегенін айтты.
Ең үлкен зардап Идальго мен Веракрус штаттарында тіркелген. Тек Веракруста 29 адам қаза тауып, ондаған адам жоғалып кеткен.
Үкімет мыңдаған адамды қауіпсіз аймақтарға көшіріп жатыр. Сондай-ақ билік тасқыннан кейін таралуы мүмкін аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар