date

Трамп: Таяу Шығыс үшінші дүниежүзілік соғыстың себепкері болмайды

Трамп: Таяу Шығыс үшінші дүниежүзілік соғыстың себепкері болмайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыс аймағы үшінші дүниежүзілік соғыстың себепкеріне айналмайтынын айтты.

Бұл туралы ол Египетте өткен Таяу Шығыс бейбітшілік саммитінде сөйлеген сөзінде былай деді:

"Көптеген жылдар бойы адамдар үшінші дүниежүзілік соғыс дәл Таяу Шығыста басталуы мүмкін деп айтты. Бірақ бұл ешқашан болмайды. Біз бұл соғыстың басталғанын қаламаймыз," - деді Америка басшысы.

Трамптың айтуынша, аймақтағы тұрақтылықты сақтау және жаңа қақтығыстардың алдын алу - АҚШ-тың негізгі мақсаттарының бірі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: Таяу Шығыс үшінші дүниежүзілік соғыстың себепкері болмайды