date

Трамп Газа бойынша жаңа кезеңнің басталғанын жариялады

Трамп Газа бойынша жаңа кезеңнің басталғанын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа аймағында бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі ресми түрде басталғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамп кепілге алынған 20 адамның барлығы босатылғанын айтты. Дегенмен, қаза тапқан азаматтардың денелері әлі күнге дейін қайтарылмағаны айтылады.

"Екінші кезең бірден жүзеге асты," - деп жазды Америка басшысы. Оның айтуынша, бұл кезең аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге және гуманитарлық көмекті кеңейтуге бағытталған.

Арнайы бағдарлама аясында бейбіт келіссөздерді жалғастыру, халықты эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсету күшейтіледі деп күтілуде.

Трамп бұған дейін де Газа бойынша келісімді қамтамасыз етуде делдал болған және бұл процесті "Таяу Шығыстағы жаңа бет" деп атаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Газа бойынша жаңа кезеңнің басталғанын жариялады