date

Тайланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіс күшеюде

Тайланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіс күшеюде
Мамандар Тайланд пен Камбоджа шекарасында жарылған миналар жаңадан қойылғанын айтуда. Олардың айтуынша, табылған миналар ескі емес және әлі жақсы сақталған.

Шілде айында тайлық сарбаз минаға түсіп қалғаннан кейін екі ел арасында қысқа қақтығыс болған. Кейін АҚШ-тың арағайындығымен бітім жасалған.

Тайланд миналарды Камбоджа қойғанын мәлімдеді, ал Камбоджа бұл айыптауды жоққа шығарып, миналар ескі соғыс уақытынан қалғанын айтты.

Тайланд БҰҰ-ға жүгініп, Камбоджаны келісімді бұзды деп айыптады. БҰҰ екі елді мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Тайланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіс күшеюде