date

Мадагаскарда конституция жойылды, жаңа құрылым жарияланды

Мадагаскарда конституция жойылды, жаңа құрылым жарияланды

Мадагаскарда билікті қолға алған әскерилер полковник Майкл Рандриаринаның басшылығымен алқалы басқару органы құрылғанын жариялады, деп хабарлады БАҚ.

Рандриарина өз мәлімдемесінде ел конституциясының ресми түрде күшін жойғанын хабарлады. Сонымен қатар, Мемлекеттік реформалар жоғарғы сотының құрылғаны да жарияланды.

Жаңадан құрылған сот екі жыл бойы Мадагаскардың конституциялық негіздерін қайта қараумен, осы негізде референдум мен жалпыхалықтық сайлауды өткізумен айналысады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мадагаскарда конституция жойылды, жаңа құрылым жарияланды