date

Зеленскийдің Вашингтон сапары: Украинаға жаңа көмек талқылануда

Зеленскийдің Вашингтон сапары: Украинаға жаңа көмек талқылануда

Украина президенті Владимир Зеленский 16 қазан күні кешке АҚШ астанасы Вашингтонға ресми сапармен келді. Украина басшысын алып келген ұшақ Эндрюс әскери-әуе базасына қонды.

Зеленскийдің айтуынша, сапар аясында ол АҚШ қорғаныс компанияларының өкілдерімен маңызды келіссөздер өткізеді. Кездесулерде Украинаға әуе шабуылынан қорғану жүйелерін қосымша жеткізу және қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралады.

Президент сондай-ақ энергетика компанияларының басшыларымен кездесіп, Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымға жасап жатқан соққыларына қарамастан Украинаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын талқылайтынын айтты. «Ресей күн сайын біздің энергетикалық жүйемізге соққы беріп жатыр. Біз болса елдің үздіксіз жұмыс істеуі үшін әрекет етудеміз», — деді Зеленский.

Бүгін, 17 қазанда, Украина басшысы Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен Украинаға жаңа әскери көмек мәселелері талқыланады. Зеленскийдің айтуынша, Таяу Шығыстағы соғыс пен террор қаупін тежеуге бағытталған күш-жігер Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың аяқталуына оң әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Украина президенті Трамптың Tomahawk қанатты зымырандарын Киевке беру ұсынысы да талқыланатынын растады. Оның айтуынша, Украина бұл қаруды тек әскери нысандарға қарсы қолданбақ.

Трамп бұған дейін ұшу қашықтығы 2500 шақырымға дейін жететін Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан еді. Бұл мәселе 17 қазан күні өтетін Зеленскиймен келіссөздердің күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі болмақ.

Зеленскийдің Вашингтон сапары Украина мен АҚШ арасындағы қатынастарда жаңа стратегиялық кезеңнің басталуына жол ашпақ, әсіресе қорғаныс және экономикалық тұрақтылық салаларында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Зеленскийдің Вашингтон сапары: Украинаға жаңа көмек талқылануда