date

Air China рейсінде пауэрбанк өртенді

Air China рейсінде пауэрбанк өртенді

Ханчжоудан Сеулге бет алған Air China әуе компаниясына тиесілі ұшақта күтпеген жағдай орын алды. Мәліметтерге қарағанда, шамамен 10 шақырым биіктікте болған лайнердің жүк сөресіндегі чемоданда жатқан пауэрбанк өртенген.

Оқиға кезінде жолаушылар арасында шу шығып, кейбіреулер өртті қолмен сөндіруге тырысқан. Ал басқалары оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Тексерулерге қарағанда, өртке литий батареясының өздігінен жануы себеп болған. Экипаж мүшелері төтенше жағдайға шұғыл әрекет етіп, өртті сөндірді.

Барлық жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақ Шанхай әуежайына шұғыл қонды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Air China рейсінде пауэрбанк өртенді