date

Зеленский: Украина Ресейге ештеңе бермейді

Зеленский: Украина Ресейге ештеңе бермейді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапының Донецк облысынан бас тарту туралы талабын үзілді-кесілді қабылдамады. Бұл туралы жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде Вашингтонның арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина басшысын Донецк облысынан әскерді шығаруға көндіруге тырысқан. Бірақ Зеленский бұл ұсынысты мүлдем қабылдамады.

Сондай-ақ, Украина басшысы бүгін әскери қолбасшылармен кездесіп, Ресей аумағына ұзақ қашықтықтан соққы беру санын арттыру мәселесін талқылағанын хабарлады.

Зеленский Украина қандай жағдай болса да, Ресей басып алған бірде-бір аумақтан бас тартпайтынын айтты. Оның айтуынша, Украина үшін елдің тұтастығы мен жерін сақтап қалу ең маңызды міндет болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Зеленский: Украина Ресейге ештеңе бермейді