date

Жапонияда тарихи өзгеріс: үкімет отставкаға кетті, бірінші әйел премьер-министр сайлануда

Жапонияда тарихи өзгеріс: үкімет отставкаға кетті, бірінші әйел премьер-министр сайлануда

Бұл қадам жаңа премьер-министрдің сайлануына жол ашу мақсатында жасалды. Қорытынды шешім Жапония парламентінің төменгі палатасында өтетін кезектен тыс сессия алдында жарияланды.

Сигеру Исиба 386 күн премьер-министр қызметін атқарып, маңызды реформаларды жүзеге асырған саясаткер ретінде есте қалады. Оның отставкаға кетуі Жапонияның саяси тарихында жаңа бет ашады деп күтілуде.

Жапония тарихында тұңғыш рет әйел премьер-министр:

Жаңа сайлауда Либерал-демократиялық партияның төрағасы Санае Такаити премьер-министр болып тағайындалады деп күтілуде. Егер бұл расталса, ол Жапония тарихындағы бірінші әйел премьер-министр болады. Такаитидің кандидатурасын парламенттегі көпшілік қолдап отыр, бұл оның сайлануына кепілдік береді.

Дауыс беру алдында Либерал-демократиялық партия "Жапонияның жаңғыру қоғамы" партиясымен одақ құруға қол жеткізді. Бұл келісім Такаитидің сайлауда басым түсуіне көмектесті.

Жаңа үкімет құрамы:

Жаңа премьер-министр күннің соңында үкіметті қалыптастырады. Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша:

  • Бұған дейін 2019-2021 жылдары Сыртқы істер министрі қызметін атқарған саясаткер Тосимису Мотеги бұл қызметке қайта оралады.
  • Синдзёро Коидзуми, бұрынғы премьер-министр Дзюнъитиро Коидзумидің ұлы, Қорғаныс министрі болады деп күтілуде. Ол осы лауазымды атқарған ең жас тұлға болады.

Жапонияда бұл өзгерістер ішкі саяси тұрақтылықты нығайту және жаңа реформаларға қадам ретінде бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Жапонияда тарихи өзгеріс: үкімет отставкаға кетті, бірінші әйел премьер-министр сайлануда