date

Трамп Қытайға қарсы жаңа «сандық соғысты» бастады

Трамп Қытайға қарсы жаңа «сандық соғысты» бастады
АҚШ үкіметі Қытайға қарсы жаңа сауда шараларын қарастыруда. Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-та жасалған бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде өндірілген өнімдерді Қытайға экспорттауды шектеуді жоспарлауда. Бұл шешім Қытайдың сирек жер металдарын экспорттауға енгізген шектеулеріне жауап ретінде қабылданды.

Жаңа шектеулер ноутбуктарға, авиациялық бөлшектерге және басқа технологиялық өнімдерге қатысты болуы мүмкін. Трамп осы айдың басында Қытайға қарсы 100 пайыздық баж салығын және «маңызды бағдарламалық қамтамасыз ету» экспортына бақылау енгізілетінін жариялаған еді. Ресми тұлғалар бұл шаралардың қашан күшіне енетінін әзірге нақтылаған жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысын одан әрі күшейтуі мүмкін. Қытай елшілігі АҚШ-тың «біржақты қысым» саясатын сынға алып, өз мүдделерін қорғайтынын мәлімдеді.

Егер жоспар жүзеге асса, ол 2022 жылы Ресейге енгізілген экспорттық шектеулерге ұқсас болады. Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің жақында Оңтүстік Кореяда кездесуі жоспарланып, бұл мәселе келіссөздерде негізгі тақырыптардың бірі болмақ.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп Қытайға қарсы жаңа «сандық соғысты» бастады