date

Қарақалпақстанда 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды

Қарақалпақстанда 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды

Қарақалпақстанда әлемдік ғылыми қауымдастықты таң қалдырған жаңалық табылды — Сұлтан Увайс тауларынан шамамен 75 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың тасқа айналған сүйек қалдықтары анықталды. Бұл туралы Өзбекстан Мемлекеттік геология музейі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, қазба жұмыстары Қарақалпақ мемлекеттік университеті мен Геология музейінің ғалымдары бірлесіп жүргізген экспедиция барысында жүзеге асырылған. Зерттеу кезінде ежелгі жыртқыш кесірткеге тиесілі болуы мүмкін сүйек бөліктері — омыртқа фрагменттері, асық жілік және басқа да элементтер табылған.

Геология музейінің директоры Ахмаджон Ахмедшаевтың айтуынша, бұл қалдықтар бор дәуіріне жатады, ал олардың нақты түрі мен ғылыми жіктелуі халықаралық мамандардың қатысуымен өткізілетін зертханалық сараптамалардан кейін жарияланады.

Қазіргі уақытта сирек үлгілер арнайы құрал-жабдықтар арқылы ғылыми зертханаларда мұқият зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері динозаврлардың эволюциясы мен Орталық Азияның геологиялық тарихы туралы маңызды деректер беруі мүмкін деп күтілуде.

Ғалымдар бұл жаңалықты Өзбекстандағы палеонтологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі деп бағалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қарақалпақстанда 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды