date

Зеленский: Украина жақын арада Tomahawk зымырандарына ие болуы мүмкін

Зеленский: Украина жақын арада Tomahawk зымырандарына ие болуы мүмкін

Украина президенті Владимир Зеленский ел жақын арада Tomahawk типті зымырандарды алуы мүмкін екенін айтты.

Ол Украина ешқашан АҚШ-тың ұзақ қашықтықтағы қаруын Ресей аумағына соққы беру үшін пайдаланбағанын атап өтті. Сонымен қатар, Киев өзінің жергілікті қару-жарақтарымен 150 шақырымнан 3000 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарды нысанаға алуға мүмкіндігі бар екенін айтты.

"Күн сайын жаңа оқиғалар болып жатыр. Мүмкін, ертең-ақ бізде Tomahawks пайда болады," - деді Зеленский журналистерге берген сұхбатында.

Украина басшысы сондай-ақ Трамп пен Путиннің ықтимал кездесуі Киевтің қатысуынсыз өтпейтінін айтты.

"Ресейдің энергетика саласына қарсы жаңа санкциялар енгізілді. Венгрияда Украинасыз ешқандай кездесу болмайды. Әзірге Tomahawks жоқ, бірақ нәтиже жаман емес деп ойлаймын," - деп қосты Зеленский Еуроодақ саммитінде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Зеленский: Украина жақын арада Tomahawk зымырандарына ие болуы мүмкін