date

Таиландта аза тұту: халық сүйген ханша қайтыс болды

Таиландта аза тұту: халық сүйген ханша қайтыс болды

Таиланд патшайымы анасы Сирикит ұзаққа созылған аурудан кейін 93 жасында қайтыс болды. Бұл туралы корольдік сот мәлімдеді, деп хабарлады Bangkok Post.

Ақпаратқа қарағанда, Сирикит 24 октябрьде қан инфекциясынан Бангкоктағы ауруханада қайтыс болған. Соңғы жылдары ол денсаулығына байланысты көпшілік алдында сирек көрінетін, деп жазады CNN.

Елде бір жылдық аза тұту және ең жоғары деңгейдегі корольдік жерлеу рәсімі жарияланды.

Сирикит тай халқының сүйіспеншілігіне бөленген ең ардақты ханшайымдардың бірі болды. Оның суреттері бүкіл ел бойынша үйлер мен кеңселерде жылы естелік ретінде сақталады. Сондай-ақ, патшайымның туған күні елде Ана күні ретінде атап өтілді.

Ол өмірін ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және табиғатты қорғауға арнады. Сирикит Азияның нәзіктігі мен әсемдігінің символы ретінде танылды - Vanity Fair оны "Азиялық Джеки Кеннеди," ал Paris Match "барлық дәуірлердің ең сұлу ханшайымы" деп атады.

Бангкоктық ақсүйектер отбасынан шыққан Сирикит 1950 жылы король Пхумибол Адулядетке тұрмысқа шықты. Олар үш қыз және бір ұл тәрбиелеп өсірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Таиландта аза тұту: халық сүйген ханша қайтыс болды