date

Британияда жүздеген сотталушы қателікпен босатылды

Британияда жүздеген сотталушы қателікпен босатылды

Ұлыбританияда жазалау жүйесінде үлкен қателік анықталды - 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың наурызына дейін бір жыл ішінде 260-тан астам сотталушы қате шешімнен кейін бостандыққа шықты. Бұл туралы үкіметтің статистикасына сүйене отырып, "Sky News" телеарнасы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 233 сотталушы түрмеден, тағы 29 адам сот залдарынан қателікпен босатылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 128 пайызға көп. Мәселе әсіресе эфиопиялық заңсыз иммигрант Хадуш Кебату оқиғасынан кейін көпшіліктің назарын аударды.

Кебату жыныстық қылмыстар үшін сотталған, оның босатылуы бүкіл ел бойынша қатты наразылық тудырды. Мәліметтерге қарағанда, ол 14 жастағы қыз бен бір әйелге қырындағаны үшін Челмсфорд магистрлік сотымен бір жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін оны депортациялау мақсатында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне тапсыру үшін босатылды, бірақ бұл процесте ол қашып кетті.

Эссекс полициясы Кебатунунның Лондонға бет алғанын хабарлады. Оның бұған дейін де бірнеше рет қырындағаны анықталды және бұл жағдайлар сотпен дәлелденді. Бұл оқиғадан кейін Британияның түрлі қалаларында жаппай наразылық шерулері өтті.

Наразылық білдірушілер үкіметтен заңсыз мигранттарды қонақүйлерде орналастыру тәжірибесін жоюды талап етті. Шын мәнінде, баспана сұраушылар арнайы орталықтарға орналастырылуы керек, бірақ елде мұндай орталықтардың саны жеткіліксіз екені белгілі болды.

Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың март айындағы жағдай бойынша елдегі 210 қонақүйде 32 мыңнан астам заңсыз мигрант тұрады. "The Times" газетінің жазуынша, оларды орналастыру мен қамтамасыз ету британдық салық төлеушілерге жылына шамамен 4 миллиард фунт стерлинг шығын әкеледі.

Үкімет бұл жүйені реформалауға ниетті. Жоспар бойынша, 2029 жылға дейін мигранттарды қонақүйлерге орналастыру тәжірибесі толығымен тоқтатылады. Сонымен қатар, түрме жүйесіндегі қателіктер бойынша да ішкі тексеру басталды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында АҚШ-та ұқсас жағдай тіркелді - 64 жастағы ер адам 43 жыл бойы жазықсыз түрмеде отырғаннан кейін бостандыққа шықты, бірақ содан кейін қайта қамауға алынды. Бұл оқиғалар әлемдегі сот төрелігі жүйелеріндегі кемшіліктер мен адами қателіктердің салдарына баса назар аудару қажеттігін көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Британияда жүздеген сотталушы қателікпен босатылды