date

Франция Луври ұрлықтан кейін өз қазынасын банкке орналастырды

Франция Луври ұрлықтан кейін өз қазынасын банкке орналастырды

Франциядағы әлемге әйгілі Лувр мұражайы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Reuters агенттігінің жазуынша, өткен аптадағы қылмыс оқиғасынан кейін мұражай өзінің ең қымбат жауһарларының бір бөлігін Франция банкіне ауыстырды.

Хабарланғандай, Аполлон галереясы - яғни корольдік тәжіне қатысты сирек кездесетін жәдігерлер сақталатын бөлімнен кейбір экспонаттар 24 октябрьде полиция бақылауымен Франция банкінің арнайы қоймасына жеткізілген.

Банк елдің алтын қорын жер астындағы 27 метр тереңдікте орналасқан алып қоймада сақтайды. Ол Сена өзенінің оң жағалауында, Луврдан небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар, Лувр да, Франция Банкі де ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, 19 октябрь күні мұражай коллекциясынан шамамен 102 миллион долларға сегіз құнды зат ұрланған болатын. Тергеу мәліметінше, белгісіз тұлғалар жұмыс уақытында кранның көмегімен мұражайдың жоғарғы қабатына кіріп, терезе арқылы ішке түсіп, гауһар заттарды алып, мотоциклдермен қашып кеткен.

Барлық үдеріс небәрі 4 минутқа созылғаны айтылады. Ұрлықты жасағандардың қызметтік киімде болғаны да анықталды. Бұл жағдай Францияда ғана емес, бүкіл әлемде үлкен шу тудырды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, көптеген француз азаматтары мен мәдениет қайраткерлері бұл оқиғаны ұлттық масқара ретінде бағалады. Үкімет мәдени құндылықтарды қорғау бойынша қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдай бастады.

Айтуынша, Лувр мұражайы тарихында мұндай ірі ұрлық оқиғалары өте сирек кездескен. Бірақ соңғы оқиға Францияның мәдени мұрасы мен жауһарлардың қауіпсіздігі мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Франция Луври ұрлықтан кейін өз қазынасын банкке орналастырды