date

Оңтүстік Корея Трампқа алтын тәж бен ең жоғары орден сыйлайды

Оңтүстік Корея Трампқа алтын тәж бен ең жоғары орден сыйлайды

Оңтүстік Корея АҚШ президенті Дональд Трампты елдің ең жоғары наградасы — «Мугунхва орденімен» марапаттайды. Ресми Сеулдің мәліметінше, Трампқа сонымен қатар тарихи Силла дәуіріне тиесілі алтын тәждің көшірмесі сыйға беріледі. Бұл орден Оңтүстік Кореяның ұлттық гүлі — қызғылт гибискус атымен аталған.

Трамп Азия сапарының соңғы кезеңінде Сеулге келді. Ол бұл сапар барысында Малайзия мен Жапонияда ресми кездесулер өткізген. Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Трамппен АҚШ-тың корей тауарларына салған баж салығын төмендету жөнінде келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Ли Трампты Корея түбегіндегі бейбітшілік процесіне қосқан үлесі үшін «бейбітшіл көшбасшы» деп атады. Осы себепті оған «Мугунхва ордені» табыс етілмек. Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен қайта кездесуге дайын екенін мәлімдеді, алайда Пхеньян әзірге жауап берген жоқ.

Трамп пен Ли тарихи Силла патшалығы дәуірінен қалған ескерткіштерімен әйгілі Кёнчжу қаласындағы мұражайды аралауды жоспарлап отыр. Трампқа берілетін алтын тәж Корея тарихындағы ұзақ бейбіт кезеңнің символы ретінде ұсынылады. Ресми Сеул бұл сыйлықты екі ел арасындағы жаңа бейбітшілік пен ынтымақтастық дәуірінің белгісі деп сипаттады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Оңтүстік Корея Трампқа алтын тәж бен ең жоғары орден сыйлайды