date

Әлемдегі алғашқы адам тәрізді робот NEO ресми түрде сатылымға шықты

Әлемдегі алғашқы адам тәрізді робот NEO ресми түрде сатылымға шықты

Адам өмірінде жаңа бет ашылды - 1X Technologies компаниясы әзірлеген әлемдегі алғашқы толық функционалды адам тәрізді робот NEO ресми түрде сатылымға шығарылды. Жаңа буынның бұл роботы қарапайым тұрмыстық тапсырмаларды орындай алады: заттарды жылжыту, есіктерді ашу, үй жинау, заттарды орнына қою және ең бастысы - дауыс арқылы сөйлесу қабілетіне ие.

NEO жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған, ол пайдаланушымен табиғи сөйлесуге, оның әдеттерін есте сақтауға және кейінгі әрекеттерін бейімдеуге мүмкіндік береді. Роботтағы компьютерлік көру жүйесі, аудиоталдау функциясы және заманауи тіл моделі оны нағыз үй көмекшісіне айналдырады.

Оның техникалық сипаттамалары да назар аударарлық: бойы - 1,68 метр, салмағы шамамен 30 келі, 25 келіге жуық жүкті көтере алады. Роботтың корпусы жеңіл, қауіпсіз және энергияны үнемдейтін материалдардан жасалған. Сондай-ақ, NEO көптеген камералармен, сенсорлармен және динамиктермен жабдықталған, қозғалысты нақты түсінеді және адаммен белсенді қарым-қатынас жасай алады.

Компанияның мәліметінше, NEO құны шамамен 20 000 АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, ай сайынғы 499 долларлық абонемент арқылы да роботты пайдалану мүмкіндігі беріледі. Алғашқы партия 2026 жылы АҚШ базарына шығарылады, содан кейін Еуропа мен Азия елдерінде сатылымға шығарылады деп жоспарлануда.

1X Technologies (бұрын Halodi Robotics ретінде танымал болған) бұл роботты "болашаққа қадам" ретінде бағалап отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, жақын болашақта мұндай адам тәрізді роботтар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, үй жинаудан бастап күнделікті байланыс пен көмек көрсету міндеттерін орындай алады.

Сарапшылардың пікірінше, NEO тек робототехника саласында ғана емес, жалпы адам мен машина арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастауы мүмкін. Адам өмірін жеңілдетуге бағытталған мұндай роботтар алдағы жылдары әр үйде пайда болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Әлемдегі алғашқы адам тәрізді робот NEO ресми түрде сатылымға шықты