date

Украина соғысында 481 өзбекстандықтың қаза тапқаны айтылды

Украина соғысында 481 өзбекстандықтың қаза тапқаны айтылды

"Хочу жить" жобасының мәліметінше, Украинада жалғасып жатқан соғыста Ресей армиясының қатарында соғысқан 481 Өзбекстан азаматы қаза тапқан.

Жоба өкілдері бұл сандар тек ресми расталған мәліметтер негізінде құрастырылғанын айтады. Шын мәнінде, майданда қаза тапқан немесе із-түссіз жоғалған өзбекстандықтардың саны бірнеше есе көп болуы мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда, қазір де өзбекстандықтар Ресей армиясының қатарына жалданып, Украина аумағындағы ұрыстарға қатысуда. Сондай-ақ тұтқынға түскен шетелдік азаматтар арасында да Өзбекстан азаматтары жетекші орындардың бірін иеленуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Украина соғысында 481 өзбекстандықтың қаза тапқаны айтылды