date

Шимпанзелерде адамға тән логикалық ойлау анықталды

Шимпанзелерде адамға тән логикалық ойлау анықталды

Калифорния және Утрехт университеттерінің ғалымдары шимпанзелерде адамға тән логикалық ойлау қабілетінің бар екенін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері "Science" журналында жарияланды.

Деректерге қарағанда, тәжірибе Угандадағы Ngamba Island Chimpanzee Sanctuary қорығында жүргізілген. Шимпанзелерге екі қорап көрсетіліп, біреуіне азық-түлік жасырылған. Бастапқыда маймылдарға қай қорапта тамақ бар екенін білдіретін белгі берілді. Кейінірек оларға басқа, сенімдірек белгі көрсетілді, ол басқа қорапты білдірді.

Нәтижесінде шимпанзелер күшті дәлелдер пайда болған кезде өз таңдауын өзгертті. Зерттеуші Эмили Сенфорд атап өткендей, "мұндай икемді ойлау әдетте төрт жастағы балаларда байқалады. Шимпанзелерде де осы қабілетті көру шынымен таңқаларлық."

Ғалымдар бұл әрекеттің инстинкт емес, логикалық ойлаудың жемісі екенін дәлелдеу үшін қатаң бақылаудағы эксперименттер мен компьютерлік модельдеу әдістерін қолданды. Нәтижесінде шимпанзелердің шешім қабылдау процесі дәлелдерге негізделгенін көрсетті.

Бұл жаңалық "тек адамдар ғана рационалды ойлай алады" деген дәстүрлі көзқарасты жоққа шығарды. Ғалымдардың пікірінше, шимпанзелердің ойды қайта қарау қабілетін зерттеу балалар дамуы, нейропсихология және жасанды интеллект саласындағы жаңа ғылыми бағыттарға серпін беруі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Шимпанзелерде адамға тән логикалық ойлау анықталды