date

Калифорниялық ер адам мыңдаған LEGO ұрлап сатқаны әшкере болды

Калифорниялық ер адам мыңдаған LEGO ұрлап сатқаны әшкере болды

Калифорния полициясы 39 жастағы Роберт Лопесті мыңдаған LEGO жиынтығын ұрлап, қайта сатты деген күдікпен ұстады. Тергеу мәліметінше, ол серіктестерімен бірге жалпы құны 6 мың долларды құрайтын қымбат ойыншықтарды заңсыз жолмен алған.

Санта-Роса полициясының мәлімдемесінде айтылғандай, Лопес басқаларға дүкендерден LEGO жиынтықтарын ұрлауды бұйырған, содан кейін оларды арзан бағаға сатып алып, қымбатырақ бағаға қайта сатқан. Полиция оның үйінен ондаған мың LEGO бөлшектерін, шағын фигуралар мен құрастырылған мүсіншелерді тапты.

Белгілі болғандай, ол интернет арқылы сату жүйесін жолға қойып, өнімдерді сұрыптап сату үшін арнайы схема жасаған. Тергеу қазір оның сыбайластарын және ұрланған заттардың көзін анықтауда.

Мамандардың айтуынша, LEGO коллекциялары қайталама нарықта өте сұранысқа ие, кейбір жиынтықтардың бағасы жылына 10 пайызға дейін өседі. Сондықтан бұл ойыншықтар кейбіреулер үшін инвестициялық құралға айналуда.

Егер Лопес кінәсін мойындаса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Калифорниялық ер адам мыңдаған LEGO ұрлап сатқаны әшкере болды