date

Мексикадағы дүкенде болған жарылыс 23 адамның өмірін қиды

Мексикадағы дүкенде болған жарылыс 23 адамның өмірін қиды

Мексиканың солтүстік-батыс аймағында орналасқан Эрмосильо қаласында жантүршігерлік жарылыс пен одан кейінгі өрт үлкен қайғылы оқиғаға себеп болды. Мәліметтерге қарағанда, қаладағы дүкенде болған оқиға салдарынан 23 адам, оның ішінде алты бала қаза тапқан.

Сондай-ақ оннан астам азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, улы газдан улану жағдайлары тіркелген.

Әзірге жарылыстың нақты себебі белгісіз. Жергілікті дереккөздерге сүйенсек, оқиға газдың ағуынан немесе отынның жиналуынан болуы мүмкін. Тергеу жұмыстары қазір жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мексикадағы дүкенде болған жарылыс 23 адамның өмірін қиды