date

Соңғы 2 жылда әлем бойынша 163 журналист қайтыс болды

Соңғы 2 жылда әлем бойынша 163 журналист қайтыс болды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, соңғы екі жылда әлем бойынша 163 журналист өлтірілген.

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, 2023 жылдың август айынан 2025 жылдың май айына дейін 163 БАҚ қызметкері қаза тапқан. Олардың 109-ы соғыс аймақтарында, оның ішінде 12 әйел журналист болған.

Ең көп құрбандар Газа секторында - 46 адам, Суданда - 13 адам, Украинада - 8 адам.

Соғыс болмаған елдерде де журналистерге қарсы шабуылдар жалғасуда. Мысалы, Мексикада 15 БАҚ өкілі өлтірілді, бұл кейбір соғыс аймақтарындағы жағдайдан да қауіпті.

Өңірлер бойынша ең көп кісі өлтіру оқиғалары араб елдерінде (82) тіркелген. Одан кейінгі орындарда Латын Америкасы мен Кариб бассейні (34), Азия-Тынық мұхиты аймағы (30), Африка (5), сондай-ақ Еуропа мен Солтүстік Америка (12) орналасқан.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сандар сөз бостандығы мен журналистердің қауіпсіздігіне жаһандық деңгейде үлкен қауіп төніп тұрғанын тағы бір рет растайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Соңғы 2 жылда әлем бойынша 163 журналист қайтыс болды