date

Тегеран сусыз қалудың алдында тұр: екі апта су қалды

Тегеран сусыз қалудың алдында тұр: екі апта су қалды

Иран астанасы Тегеранда ауыз су мәселесі айтарлықтай нашарлады, деп хабарлады Al Jazeera. Тарихи құрғақшылықтың салдарынан қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі көздер тез құрғап барады.

Мәліметтерге қарағанда, Амир Кабир бөгетінде қазір бар болғаны 14 миллион текше метр су қалған — бұл бөгеттің жалпы сыйымдылығының небәрі 8 пайызы. Мамандардың айтуынша, мұндай көлем тек екі аптаға ғана жетуі мүмкін.

Соңғы айларда Тегеранда жауын-шашын дерлік болмаған. Бір жыл бұрын осы бөгетте 86 миллион текше метр су болған, ал қазір бұл көрсеткіш дерлік жойылған.

Халқы 10 миллионнан асатын астана тәулігіне шамамен 3 миллион текше метр су тұтынады. Қаланың кейбір аудандарында су беру уақытша тоқтатылған, тұрғындар арасында наразылық күшеюде.

Мамандар судың жетіспеушілігін тек құрғақшылықпен емес, жер асты суларын шамадан тыс пайдалану, дұрыс басқармау және климаттың өзгеруінің күшеюімен байланыстырады. Ұқсас жағдай көрші Иракта да байқалуда — онда Тигр мен Евфрат өзендеріндегі су деңгейі 27 пайызға төмендеп, ауыр гуманитарлық дағдарысқа әкелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Тегеран сусыз қалудың алдында тұр: екі апта су қалды