date

Қытай Ресей мұнайын алуды ішінара тоқтатты ма?

Қытай Ресей мұнайын алуды ішінара тоқтатты ма?

Қытайдағы ірі мұнай өңдеу зауыттары Ресейден мұнай импортының бір бөлігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы халықаралық экономикалық агенттік Bloomberg хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, мемлекеттік қана емес, жекеменшік компаниялар да "Роснефть" және "Лукойлмен" ынтымақтастықтан уақытша бас тартып жатыр. Мұның басты себебі - АҚШ пен Батыс елдері тарапынан енгізілуі мүмкін екінші реттік санкциялар қаупі.

Мәлім етілгендей, бас тартулар негізінен ESPO маркалы Сібір мұнайының импортына әсер етуде. Консультациялық компания Rystad Energy AS есебінше, шектеулер салдарынан Ресейден Қытайға экспорт көлемі күніне шамамен 400 мың баррельге, яғни жалпы жеткізілімнің шамамен 45 пайызына азайған.

Бұған дейін "Роснефть" пен "Лукойл" АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілгеннен кейін Қытайдың ірі мемлекеттік компаниялары Ресей мұнайын теңіз арқылы сатып алуды тоқтатқаны туралы да хабарланған болатын.

Экономистердің пікірінше, бұл шешім Қытайдың халықаралық нарықтағы беделін сақтауға және санкция қаупінен қашуға бағытталған сақтық саясатына байланысты. Сонымен қатар, ел тек Ресеймен ғана емес, Таяу Шығыс және Африка елдерімен де энергетикалық ынтымақтастықты кеңейту жолында әрекет етуде.

Сарапшылар бұл жағдай Ресей мұнайының бағасына да әсер етуі мүмкін екенін айтады, өйткені Қытай бүгінде Мәскеу үшін ең ірі экспорттық нарықтардың бірі болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытай Ресей мұнайын алуды ішінара тоқтатты ма?