date

4,5 км биіктіктен екі ақаулы парашютпен аман қалды

4,5 км биіктіктен екі ақаулы парашютпен аман қалды

Америкалық Брэд Гай 4,5 шақырым биіктіктен екі істен шыққан парашютпен секірсе де, аман қалды. Ол өзінің таңғажайып әңгімесін SBS телеарнасына айтып берді.

Оқиға 11 жыл бұрын болған. 21 жасқа толған Брэдке парашютпен секіру сертификаты сыйға беріледі және ол бұл мүмкіндікті дереу пайдалануға шешім қабылдайды. Секіруді оның бүкіл отбасы - ата-анасы, әпке-қарындастары және олардың балалары тамашалауға келген.

Инструктормен бірге ұшақтан секірген Гай бастапқыда жеті секунд еркін түсті. Бірінші парашют ашылмаған кезде нұсқаушы апаттық парашютті іске қосуға тырысты, бірақ ол да жұмыс істемеді.

"Мен өлімнің болмай қоймайтынын сезіндім, бірақ отбасымды ойлап, өзімді өте кінәлі сезіндім," - деп еске алады Бред. Инструктор қону үшін ең қауіпсіз орын ретінде гольф алаңындағы көл жағалауын таңдады, бұл шешім екеуінің де өмірін сақтап қалды.

Қону кезінде Брэдтің омыртқасы мен қабырғалары сынған, мойын сіңірлері үзілген. Ол төрт ай бойы жүре алмады және отбасының көмегіне мұқтаж болды. Дәрігерлер оған жарақаттан кейінгі стресс бұзылысы диагнозын қойды.

"Мен өмір сүруге деген құлшынысымды жоғалтып алдым, бірақ кейін отбасым мен өмірдің құндылығын қайта сезіндім," - дейді Брэд Гай.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » 4,5 км биіктіктен екі ақаулы парашютпен аман қалды