date

Гунвор "Лукойл" келісімінен бас тартты - АҚШ қысымымен

Гунвор "Лукойл" келісімінен бас тартты - АҚШ қысымымен

Кипрде тіркелген халықаралық мұнай трейдингтік компания Gunvor Group Ltd. Ресейдің ең ірі жекеменшік мұнай-газ корпорациясы "Лукойл" компаниясының шетелдегі активтерін сатып алу жоспарынан бас тартқанын хабарлады. Бұл туралы мәлімдеме 6 ноябрьде компанияның ресми X (бұрынғы Twitter) парақшасында жарияланды.

Гунвордың бұл шешімі АҚШ Қаржы министрлігі ұйымға қатысты қатаң мәлімдеме жасағаннан кейін бір сағаттан соң жарияланды. АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, компанияның Ресеймен байланыстары әлі де бар және Украинадағы соғыс аяқталмайынша, оған қызмет етуге лицензия берілмейді.

Вашингтонның ресми мәлімдемесінде былай делінген:

"Президент Трамп соғысты дереу тоқтату қажеттігін ашық айтты. Ресей агрессияны жалғастыра берсе, Кремльдің экономикалық қуыршағы болған Гунвор ешқашан жұмыс істеуге немесе пайда табуға лицензия алмайды."

Осы арқылы АҚШ Қаржы министрлігі Гунворды Ресеймен байланыста деп айыптады. Алайда компания өкілдері бұл айыптауларды "негізсіз және жалған" деп атады.

"Гунвор әрқашан өз иелері мен қызметі туралы ашық ақпарат беріп келген. Біз он жылдан астам уақыт бойы Ресеймен байланысымызды үздік, ондағы активтерімізді саттық және Украинадағы соғысты ашық айыптаймыз. Біз санкция талаптарын толық сақтай отырып жұмыс істейміз," - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Гунвор "Лукойлдың" шетелдік активтерін сатып алу туралы ұсынысын ресми түрде қайтарып алды.

Естеріңізге сала кетейік, "Лукойл" - АҚШ пен Ұлыбританияның санкцияларына ұшыраған Ресейдің ірі жеке компанияларының бірі. Ол 30 октябрьде Гунвормен шетелдік бизнесті сату туралы келісім туралы хабарлаған болатын. Осы келісім аясында Ресей тарапы басқа сатып алушылармен келіссөздер жүргізбеуге міндеттенген.

Алайда бұл келісім халықаралық деңгейде күмән тудырды. Көптеген сарапшылар бұл әрекетті ресейлік компанияларға қойылған шектеулерді айналып өту әрекеті ретінде бағалады.

Гунвордың тарихы да көңіл аударарлық: компанияны 2000 жылы ресейлік кәсіпкер Геннадий Тимченко мен швед кәсіпкері Торбьорн Тёрнквист құрған. 2014 жылы, Қырым аннексиясы үшін халықаралық санкциялар күшіне енбей тұрып, Тимченко өз үлесін серіктесіне сатып, компаниядан шығып кеткен. Осыдан кейін Гунвор Ресейдегі барлық активтерін сатқанын мәлімдеді.

Соңғы апталарда АҚШ Қаржы министрлігінің Сыртқы активтерді бақылау басқармасы (OFAC) "Ресей Украинадағы соғысты бейбіт жолмен аяқтауға мүдделі емес" деп қосымша санкциялар енгізді. Олар "Лукойл" мен "Роснефтьті" ғана емес, оларға тиесілі 30-дан астам еншілес компанияларды да қамтыды.

Ұлыбритания да бұл бастамаға қосылып, "Лукойл" мен "Роснефтьке" қатысты активтерді бұғаттау, траст қызметтері мен көлік операцияларына шектеулер енгізді. Лондонның айтуынша, бұл компаниялар Ресей үкіметі үшін стратегиялық маңызы бар энергетика саласының негізгі тіректері болып табылады.

Осылайша, халықаралық қысым аясында Гунвор мен "Лукойл" арасындағы ықтимал келісім іске аспай қалды. Бұл жағдай Ресейдің жаһандық экономикалық жүйедегі шектеулерін одан әрі күшейтті және санкциялық саясаттың әсері әлі де тиімді екенін көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Гунвор "Лукойл" келісімінен бас тартты - АҚШ қысымымен