date

Қазақстан Авраам келісімдеріне қосыла ма?


Қазақстан Республикасы Авраам келісімдеріне қосылу ниетін жариялауы күтілуде. Бұл Орталық Азия мен Таяу Шығыс үшін маңызды дипломатиялық қадам болуы мүмкін.

Америка әкімшілігіндегі дереккөздерге сәйкес, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәлімдемені Вашингтонға сапары барысында, "Орталық Азия – АҚШ" саммиті аясында жасауы ықтимал. Axios порталының мәліметінше, мәлімдеме Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінде жариялануы мүмкін.

Қазақстанның Израильмен отыз жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан дипломатиялық қатынастарына қарамастан, бұл қадам Авраам келісімдеріне жаңа серпін беретін рәміздік әрекет ретінде бағалануда. Вашингтонда Қазақстанның қатысуы бұл форматтың тартымдылығын көрсетеді және Израильдің мұсылман әлеміндегі беделін қалпына келтіруге үлес қосуы мүмкін екені атап өтілуде.

Сапар барысында Қазақстан мен АҚШ арасында стратегиялық маңызы бар минералдар саласында ынтымақтастық орнату туралы өзара түсіністік меморандумыға қол қойылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған қадам.

2020 жылы басталған Авраам келісімдеріне алғашында БАӘ, Бахрейн, Судан және Марокко қосылған болатын. Бұл АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп әкімшілігінің маңызды сыртқы саяси жобасы саналады.

Ақ үй Қазақстанның шешімі Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттерді де осы келісімдерге қосылуға ынталандырады деп үміттенеді. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның АҚШ-қа жоспарланған сапары бұл идеяны ілгерілету үшін мүмкіндік ретінде қарастырылуда.

Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел болып табылады және бұл стратегиялық ресурстың шамамен 40 пайызын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ел АҚШ-тың ішкі уран қажеттілігінің шамамен 25 пайызын өтейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қазақстан Авраам келісімдеріне қосыла ма?